20.07.2023, 10:50

Дамир Ысмағұлов екі мәрте жеңілгеннен кейін UFC қатарынан шығарылды

Фото: instagram.com/ismagulov_damir

UFC Дамир Ысмағұловты ростерден шығарып тастады. Бұл туралы әлемнің үздік лигасындағы өзгерістерді автоматты түрде бақылап отыратын UFC Roster Watch қызметі хабарлады.

Ысмағұловтың келісімшарты аяқталды.

2 шілдеде Ысмағұлов америкалық файтер Грант Доусонмен (19-1-1) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтылып қалған еді.

Оған дейін желтоқсанда төрешілер шешімі бойынша Арман Царукяннан жеңілді.

Ол UFC айқастарына 2018 жылдан бері шығып жүр.

Осыған дейін екі рет жеңіліп, төрешілердің шешімімен бес рет жеңіске жетті.

32 жастағы ММА шеберінің рекорды - 24-3.