Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (16-0) өзінің UFC-дегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
Фото: prosports.kz

Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) UFC on ESPN 49 турнирінде америкалық файтер Тайсон Нэмге қарсы (21-13-1) шықты. Бұл ең жеңіл салмақтағы өткен кездесу болатын және ол үш раундқа есептелді. Жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Азат Мақсұм жеңіске жетті.

Осылайша, ол ММА-дегі кәсіби мансабында 17-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал UFC-ге алғаш рет шығып, сәтті өнер көрсетті. Тайсон Нэм болса осымен 14-ші рет жеңіліске ұшырады. Ол UFC-де 8-ші жекпе-жегін өткізді. Оның 3-інде жеңіске жетсе, қалған 5-уінде жеңіліс тапты.