«Ол сондай мықты емес»: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы мәлімдеме жасады

Шавкат Рахмоновқа есе жіберген UFC файтері Джефф Нил қазақстандық спортшымен өткізген жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады. Бұл жайлы Paryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Ол сондай мықты емес»: Шавкат Рахмоновтың бұрынғы қарсыласы мәлімдеме жасады
Фото: sports.kz

2023 жылдың наурызында UFC 285 тунирінде Рахмонов үшінші раундта Нилді қылқындыру әдісімен жеңіп кеткен еді. Америкалық спортшы қазақстандықтың қабілетін дұрыс бағаламағанын айтады.

"Мен ешкімге салғырт қарамау керегін түсіндім. Бәрі Шавкатты мақтайтын, ал мен бұл хайпқа сенбедім. "Құрысын! Ол сондай мықты емес. Шынына келгенде ол түкке тұрмайды" деп ойладым. Бірақ Рахмоновпен жекпе-жекке салмақты қарауым керек еді. Ол мен ойлағандай осал болмай шықты. Мықты жігіт екен. UFC-де әр жекпе-жек қауіпті. Мен ақымақтық жасадым", – деді Нилл Middle Easy-ге берген сұхбатында.