Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы Махмұд Сабырхан финалда өзбек боксшысымен жұдырықтасуды мақсат еткен. Бұл туралы ол "Көреміз" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Финал бөлек болды. Қасымда жүрген қазақ бауырларымыз өзбектерден ұтылып қалды. Халық шулап жатыр. Біздің салмақта ешкім финалға шықпаған кез. Өзбек боксшысымен финалға шықсам екен деп тіледім. Тап осы финалдағы боксшы қарсылас болса дедім.
Сағындық Тоғамбай деген бауырым өзбек боксшысымен жұдырықтасып жатқан. Жеңіліп қалды. Өзбек жанкүйерлері қатты мақтанды. Ал мен ызаланып қалдым. Досыма: "Финалға өзбек боксшысымен шықсам, кектеріңді аламын", - дедім.
Ұтып келе жатырмын екі раунд бойы. Үшінші раундта ойнап жүруге болатын еді. Бірақ бар күшімді салдым. Өзбек боксшыларын ұтып жатсаң, халық риза болады ғой. Жанкүйерлер де риза болды", - дейді Махмұд.
Еске сала кетейік, Махмұд Сабырхан алғаш рет бокс қолғабын кигенде тарих кабинетінде жаттыққанын айтқан болатын.