Кәсіпқой боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам “Алғашқы” бағдарламасында қонақта болып, жеке өмірі туралы сөз қозғады. Ол бұған дейін жеке өмірі туралы сұхбат бермеген. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 12 жекпе-жек өткізіп, онын нокаутпен жеңіске жеткен. “Қазақ” атты лақап атымен спорт додаларында өнер көрсетіп жүр. Қанат Исламның жары Гүлмира алғаш танысқан кездерін еске алды, деп хабарлайды newsroom.kz.
“Жолдасыммен ең алған Алматыдағы Цирктің қасындағы саябақта кездестік. Ол бірінші кездесуге он бес минуттай кешігіп келді. Бірінші кездесуде ұнатқан жоқпын. Екінші кездесуде мен ойлағандай жігіттің бойындағы қасиеттерді байқадым. Менің ата-анамның, ағамның көңілінен шыққандықтан, келісімдерін беріп, батасын берді. Бір айдан соң қазақтың салтымен сырға салып, құда түсті. Сырға салып болған соң, үш күндей мүлдем хабарласқан жоқ. Қыз баласы болған соң, назданасың”,-деп еске алды спортшының жары.
Сондай-ақ ол спортшының жары болудың ең қиыны ол күту екенін айтты.
“Ол кісінің жарысқа дайындалуы кезінде мазаламауға, үйдің тыныштығын, бала-шағаның амандығын қадағалап отыру басты мақсат. Өйткені ол кісінің оң нәтиже көрсетуіне әсер етед. Үйдің тыныштығы ол ең маңызды нәрсе. Қазір отандасқагымызға он жыл болды. Алты баланың ата-анасымыз. Бүгінде ұл-қызымызды тәрбиелеп отырған бақытты отбасымыз”-деп ағынан жарылды боксшының жары.
Ал Қанат Ислам керісінше бір көргеннен болашақ жары болатын қыз екеніне сенімді болған.
Естеріңізге сала кетсек, Қытай Халық республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиясына қарасты Қаба ауданында дүние келген. Қанат әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы ұлттық құрама командасының сапында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, бокстан Чикагода 2007 жылы өткен әлем чемпионатының және Азия ойындарының 2006 жылғы қола жүлдегері, Қытайдың 10 дүркін чемпионы атанған. Бүгінде ол елге оралып, еліміздің туын көтеріп жүрген спортшы.