Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Көшеде босқа жүр, ештеңе істемейді». Алғашқы жаттықтырушысы Головкин туралы айтты (ВИДЕО)

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы, экс-әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бірінші жаттықтырушысы Виктор Дмитриев «Zamandas Outside» жобасында ол туралы қызықты естелігін бөлісті.

«Көшеде босқа жүр, ештеңе істемейді». Алғашқы жаттықтырушысы Головкин туралы айтты (ВИДЕО)
Фото: sport.kz

Алдымен боксқа Сергей, Вадим есімді ағалары келді. Серега да жақсы жігіт. Талай жетістікке жетер еді. Бірақ гепатит жұқтырып, бәрі құрдымға кетті. Үлкен жетістікке жете алмады. Кейін аналары келіп, «Мыналарды да (Геннадий мен Максим) ал, көшеде босқа жүр, ештеңе істемейді» деді. Кейін жаттыға бастады. Ол кезде кішкентай еді. Бастапқыда баскетбол, теннис, футбол ойнадық. Жүгіріп, секіретінбіз. Алдымен мектепте, сосын басқа жерлерде жұдырықтаса бастады, – деді Виктор Дмитриев.

Оның айтуынша, Геннадий, Максим Головкиндер бастапқыда барлық жарыстарда жеңіске жеткен.

«Генаның жылдамдығы жақсы еді. Кейін техникасы пайда болды. Барлығын қағып алатын. Шамамен 10 жылдай жаттықты, 18 жасқа дейін. Кез келген жерде жаттығып, кез келген жерде ұйықтайтын едік. Жарыстарға өз қаржымызбен баратынбыз. Бір нанды бөлісіп жедік. Жаттығып жүргенде алдымен Олимпиадада жеңуді, сосын кәсіпқой боксқа ауысу туралы жоспар құрдық», – дейді жаттықтырушы.