Қуат Хамитов салмақ өлшеу сәтінде ерегісіп қалған ресейлік қарсыласын жеңді

Алматы қаласында өткен Hardcore Fighting Championsip (HFC) лигасының турнирінде Қуат Хамитов жеңіске жетті, деп жазады Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Қуат Хамитов салмақ өлшеу сәтінде ерегісіп қалған ресейлік қарсыласын жеңді
Фото: sport.kz

«Алматы аренада» өткен турнирде Қуат Хамитов ресейлік Залимхан «Сабмишн Кинг» Юсуповпен жекпе-жекке шықты.

Үш раундқа жоспарланған кездесу соңына дейін барып, төрешілердің шемімімен отандық спортшының мерейі үстем болды.

Осылайша, қазақстандық файтер кәсіби мансабында жиырма алтыншы жеңісіне қол жеткізді.