12.05.2023, 16:40

Махмұд Сабырхан әлем чемпионын ұтып, финалға жолдама алды

Фото: inform. kz

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан финалға жолдама алды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстандық боксшы жартылай финалда әлем чемпионы, кубалық Йосвани Вейтиямен жұдырықтасты.

Бірінші раундта бес төреші түгел қазақстандық босшы басым деп тапты. Екінші кезеңде төртеуі берді. Қорытынды есеп - 5:0.