Қоңқабаев бокстан әлем чемпионанында жүлдесіз қалды

Отандасымыз бұл жолғы қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Қоңқабаев бокстан әлем чемпионанында жүлдесіз қалды
Фото: olympic.kz

Аса ауыр салмақта ел намысын қорғаған отандық боксшы ширек финалда Өзбекстанның атақты боксшысы, Олимпиада және әлем чемпионы, Азия біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы Баходир Джалоловпен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен өзбек былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Осылайша, Токио Олимпиадасының жүлдегері, екі мәрте әлем біріншілігінде күміс медаль жеңіп алған Қамшыбек Қоңқабаев Ташкенттегі байрақты бәсекенің жартылай финалына шыға алған жоқ.