Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шықты. Бұл жөнінен ел құрамасы төртінші орында тұр, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Елорда уақытымен сағат 15:00- де басталатын күндізгі сессияда А рингі үшінші жұпта Серик Теміржанов (57 келі) кубалық Сайдел Ортамен шықса, сегізінші жұпта Асланбек Шымбергенов (71 келі) француз Макан Траоремен қолғап түйістірсе, Б рингінде оныншы жұпта Нұрбек Оралбай (80 келі) иорданиялық Хуссейн Эйшаиш Ишайшпен кездеседі.
Ал, сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда Б рингінде алғашқы жекпе-жек Санжар Ташкенбай (48 келі) мен жапониялық Кадзума Аратаке арасында өткізілсе, А ригінде үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммедо Амадумен, А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен шеберлік байқасады.