71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда боксшымыз Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищенкомен жұдырықтасты.
Үшінші раундта израильдік нокдаунға түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп (5:0), ширек финалға шықты.
Енді Асланбек француз Макан Траоремен кездеседі.