ӘЧ: Асланбек Шымбергенов Израиль боксшысын нокдаунмен жеңді

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында екінші жекпе-жегін өткізді деп хабарлайды Paryz.kz turkystan сайтына сілтеме жасап. 

ӘЧ: Асланбек Шымбергенов Израиль боксшысын нокдаунмен жеңді
Фото: ашық дереккөз

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда боксшымыз Израиль өкілі Мирослав Капулер-Ищенкомен жұдырықтасты.

Үшінші раундта израильдік нокдаунға түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп (5:0), ширек финалға шықты.

Енді Асланбек француз Макан Траоремен кездеседі.