Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (3-0, 3 КО) Сапопанда (Мексика) Сауль «Канело» Альварестің бокс кешіндегі андеркардта өнер көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Аманқұл мексикалық Фабиан Риос Фраустоға (7-6-3, 4 КО). қарсы шықты. Жекпе-жек супер жартылай салмақта өтті және ол 8 раундқа есептелген еді. Алайда қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.
Осылайша, Әбілхан Аманқұл кәсіби рингтегі 4-жеңісіне қол жеткізді. Ал Фабиан Риос Фраусто кәсіби мансабында 7-рет жеңілді.
Аманқұл әуесқой бокста әлем чемпионатының (2017) күміс жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері (2018), сондай-ақ Азия чемпионатының (2017) қола жүлдегері болған. Ол Сауль Альварестің залында Эдди Рейносоның жетекшілігімен жаттығады.