Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысты кәсіби боксшы Садриддин Ахмедов те пікір білдірді. Ол команда мүшелерін сұхбат беруден бас тартуға шақырған, деп хабарлайды Paryz.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Алдымен Садриддин Қазақстан бокс федерациясына өкпе-назын айтқан.
"Балаларды дұрыс қолдаңыздар! Халық жігіттерді жеп жатыр. Балалар чемпион болғанда "ойбай" демей... Сіздердің осындай мелочтарға көңіл бөлгендеріңіз керек жоқ. Балалалар ең үлкен деңгейде бокстасуына мүмкіндік беріңіздер. Бітпей жатып, интервьюға шақырып, халыққа сыната бермей. Ертең өмірде сынып қалып жатса, барып көмек беріп, жағдайын жасайтын адамдарға ұқсамай", - деп жазды ол.
Сондай-ақ Ахмедов жеңілген боксшыларды сынайтын адамның көптігіне ашуланып, оларды сұхбат бермеуге шақырды.
"Әлем чемпионатына қатысып жатқан батырларға, жарыс жолына шықпаған боксшыларға айтарым - интервью бермеңдер. Тек жарыс аяқталғанда беруді сұраймын, өйткені, біздің елде сыншы, білгіш ағайындарымыз жетерлік екенін білеміз. Еңбектеріңді көрмей, сәл шалынсаңдар жерден алып, жерге тығатындар көп. Интервью дымға да керек емес. Жігіттер не сөйлеп, не қойып жатқанын білмейді. Ішіндегі өкінішін айтып, қан жылап тұрған сезімдерін бөлісіп қойып жатыр. Біздің білгіш журналистеріміз хайп жинау үшін салып қойып жатыр. Өз еліміздің иттері қастарыңда жүргенін біліңдер. Сендерді қолдайтын адамдар көп. Қолдайтыны қолдайды, қалғаны халық жауынан кем қылып жатқан жоқ", - деп жазды боксшы.
Айта кетелік, бұған дейін Садриддин Ахмедов әйеліне ән салуға тыйым салғанын мәлімдеген болатын.