Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қазақ қызы бокстан моңғол елінің чемпионы атанды

Ұланбатыр қаласында бокстан жастар арасындағы ел біріншілігінің финалдық ойындары өтті.

Қазақ қызы бокстан моңғол елінің чемпионы атанды
Фото: inform. kz

Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақта өнер көрсеткен Зейнеп Әзімбайқызы ел чемпионы атанды.

Бұл туралы «Kaznews» ақпараттық порталы Баян-Өлгий аймағының Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Аталған басылымның дерегінше, Зейнеп Әзімбайқызы бұған дейін 2022 жылы ересектер және жастар арасындағы ел біріншілігінде де чемпион атанған еді.