Головкиннің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Fight Hub TV Youtube арнасының авторы Маркос Вильегас Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) промоутері Том Леффлерден 41 жастағы қазақстандық боксшының болашағы туралы сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Головкиннің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден

"Кеше кешкісін Леффлермен GGG бокста белгісіз уақытқа үзіліс алғаны туралы сөйлестім. Ол Эрик Моралес бұндай ақпаратты қайдан естіп алғанын білмеймінін жеткізді. Маған GGG жазда шаршы алаңға оралатындай болып көрінеді деп айтты", - деді Вильегас Twitter желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Геннадий Головкин IBF және WBA Super тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуінен бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта отандық боксшыда тек IBO титулы ғана бар.