Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен бокс кешіндегі басты жекпе-жекте қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) пен жапониялық Кадзуто Такесако (15-0, 14 КО) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
М. Нұрсұлтанов бұл жекпе-жекте орта салмақтағы WBO International тұжырымы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салды.
Боксшылардың екеуі де бұған дейін рингте жеңіліп көрмеген еді. Мейірім жекпе-жек барысында басымдылығын байқатып, сегізінші раундта қарсыласын сұлатып түсірді.
Осылайша, 12 раундқа есептелген жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Кадзуто Такесако алғаш рет нокаутпен жеңілді.
Сөйтіп, М. Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы 19-шы жеңісіне қол жеткізіп, WBO белдігін сақтап қалды.