Мансабында бірде-бір рет жеңілмеген қазақстандық спортшы, аралас жекпе-жек шебері Азат Максум UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұл туралы OCTAGON лигасы ресми мәлімдеме жасады.
«Тарихта алғаш рет Қазақстандағы лига әлемдегі ең жақсы промоушенге жол ашты. Жеңілмеген Азат Мақсум OCTAGON лигасында сегіз мінсіз жекпе-жек өткізіп, лига чемпионы және өз салмағында ММА әлеміндегі ең жақсы перспективалардың бірі болды. Біз Мақсұмды UFC-ге қосқанымызды мақтан тұтамыз. Азат - OCTAGON лигасының жауынгерлер үшін ашатын мүмкіндіктерінің жарқын мысалы », - делінген хабарламада.
Осылайша, әлемнің үздік лигасында өнер көрсететін қазақстандықтардың қатарына жеңілістің ащы дәмін татпаған Азат Максум қосылып отыр.
Бұған дейін UFC-мен Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов, Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев және Мария Агапова келісімшартқа отырған еді.
Айта кетейік, Азат Максум жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Ол мансабында 16 жекпе-жекке шығып, бәрінде қарсыласынан басым түскен.