Қазақстандықтан жеңіліп қалған өзбек боксшы жылап жіберді (ВИДЕО)

Қазақстандық Ержан Ізтілеуовтен жеңілген өзбекстандық Иброхим Гиесов қарсыласының қолын алмастан ринг шетіне барып жылады деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әзербайжан астанасы Бакуде өткен жастар арасындағы халықаралық турнир финалында қазақ боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 52 келі салмақта жеңімпаз ретінде Ержанның есімі аталғаннан кейін өзбек боксшы қолын бермей, ринг шетіне барып, бетін жауып тұрып қалды. 

Ізтілеуов жан-жағына құрмет білдіріп, Иброхимнің қасынан тағы өтіп бара жатып, қайтадан қол ұсынған еді. Өзбек боксшы бұл жолы да қарсыласын елемей, құрместсіздік танытты.