Ресми! Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі туралы ресми хабарлады. Бұл оның титулды екінші қорғауы болады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ресми! Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды
Фото: baq.kz

Қазақстандық боксшының қарсыласы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО). 13 мамыр АҚШ-тың Калифорния штатындағы "Стоктон-Аренада" өтетін бокс кешіндегі жекпе-жек 12 раундқа есептелген. 

"Ресми! Чемпиондық титулды екінші рет те сәтті қорғап, қазақ абыройын асқақтату бұйырсын! Әумин!" - деп жазыпты Жәнібек.