Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық бкосшы Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) жапониялық Кадзуто Такесакоға (15-0-1, 14 КО) қарсы дайындығы және Жәнібек Әлімханұлымен айқасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Такесако мен қазақ боксшы сәуір айында Оңтүстік Кореяда айқасады.
- Ұлттық командамен Алматыда жаттығып жатырмын. Қарсыласымның жекпе-жектерін көріп, зерттедім. Соған қарсы дайындалып жатырмыз. Бұл менің Кореяға алғаш сапарым болады.
- Биылдыққа қанша айқас жоспарлап отырсыз?
- Негізі үшеу өткіземін ба дегенмін. Алайда қалай боларын көреміз. Промоутер мен менеджерім қалай жақсы боларын шешеді.
- Әлімханұлымен айқас туралы не ойлайсыз?
- Ондай жекпе-жек өтпейді деп ойлаймын. Қазақтар неге бір-бірімен айқасу керек? Басқа да белбеулер бар, солар үшін айқасуға болады. Ал әзірге нақты бағыт жоқ, қандай мүмкіндік болады соны пайдаланамын. Кез келген ұсынысқа ашықпын.