Шавкат Рахмонов Алматыға келді

Жаттықтырушыларға және барлық қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын.

Шавкат Рахмонов Алматыға келді
фото: tengrinews.kz

Бүгін, 13 наурызда қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновты Алматы әуежайында күтіп алды. Спортшыны UFC-дегі кезекті жарқын жеңісімен құттықтауға туыстары мен жанкүйерлері келді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Қолдауларыңыз үшін барлығыңызға рахмет! Мені осылай зор құрметпен қарсы алғандарыңызға өте қуаныштымын. Туған жерімді қатты сағындым. DAR Team командасына, жаттықтырушыларға және барлық қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын", - деді спортшы.