10.03.2023, 12:56

Әлімханұлы Головкиннің чемпиондықтан бас тартқанына қатысты ойын айтты

Фото: egemen.kz

WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) орта салмақта WBA Super титулын босатқанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

 

"Головкин үлкен ағам болғандықтан онымен айқаса алмайтынымды бәрі біледі. Ол барлық белбеулерді өзі босатты. Енді мен орта салмақтағы барлық титулды жинай аламын", - деп жазыпты Жәнібек твиттерде.