Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Аргентина құрамасы мен француздық «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының шабуылшысы Лионель Мессиді 2022 жылдың үздік ойыншысы деп таныды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сайтына сілтеме жасап.
Месси спорттық мансабында екінші рет ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Бұған дейін ол сыйлықты 2019 жылы алған болатын.
Биылғы номинациялардың тізімінде «Реал Мадрид» ойыншысы Карим Бензема мен Мессидің ПСЖ-дағы әріптесі Киллиан Мбаппе де бар.