«Шаршадым!»: Жәнібек Әлімханұлы күтпеген мәлімдеме жасады

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) британиялық Лиам Смиттің (33-3-1, 20 КО) жекпе-жекке шығудан бастартуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Шаршадым!»: Жәнібек Әлімханұлы күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: ашық дереккөз

«Шынымды айтсам, менімен жұдырықтасудан бастартып жатқан қарсыластардан шаршадым! Келесі қарсыласым менімен жұдырықтасады деп үміттенемін. Бірақ мен әлемдегі ең танымал боксшылардың бірі болатыныма уәде беремін. Алдыңа мақсат қойсаң, соған сенсең, оған жетуге болады», деп жазды Жәнібек Әлімханұлы twitter-дегі парақшасында.