Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Төленов 30 секундта жеңіске жетті деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
19 ақпанда спортшы ең жеңіл салмақта OCTAGON лигасы чемпионы атағын қорғады. Бұл жекпе-жек Алматыда өткен OCTAGON 41 турнирінің басты айқасы болды.
Жеңіліп көрмеген Төленовтің қарсыласы тәжікстандық Шерзод Ибодилоев еді. Дамир Төленов қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Бұл – Ибодилоев үшін ММА-дегі алғашқы жеңіліс.