Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағынан бас тартты. Бұл туралы бразилиялық журналист кіші Вилсон Балдини твиттерде жазды, деп жазады Paryz.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап. Әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ.
GGG-нің белбеуден бас тартуы міндетті үміткерді білдіреді және №1 рейтингтегі бразилиялық Эскива Фалькао бос орын үшін күресуі мүмкін.
IBF рейтингінде екінші орында австралиялық Майкл Зерафа, үшінші орында неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери.
Қаңтар айының ортасында World Boxing News 2023 жылдың бірінші айындағы Pound for Pound Boxing рейтингін шығарды. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 50 боксшының арасында 27-орынға тұрақтады.