Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Тыныш өткізу мүмкін болмады": Илья Ильин үйлену тойы туралы айтты

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин үйленді. Ол өзінің тойы туралы айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі.

"Тыныш өткізу мүмкін болмады": Илья Ильин үйлену тойы туралы айтты
Фото: ашық дереккөз

Спортшының таңдауы Татьяна Гордиенко есімді аруға түскен. Неке қию рәсімі елордада 12 қаңтар күні өтті, танымал спортшы қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Жарияланған видеода "Бәйтерек" ғимаратында ең жақын адамдар арасында өткен тойдан үзінділер көрсетілген. Илья Ильиннің өзі атап өткендей, олар әйелімен бірге тойды тыныш өткізгісі келіпті, бірақ жарын ​​жанкүйерлерден ұзақ уақыт жасыру мүмкін болмапты.

"Біз тыныш өткізгіміз келді, бірақ қалай тыныш болады? Таныс болыңыздар, Ильина Татьяна Андреевна, менің әйелім! Бізге бақыт және махаббат!" - деп жазды спортшы.

Пікірлерге қысқа уақыт ішінде жанкүйерлерден, әріптестерден, сондай-ақ спортшының жақын достарынан құттықтаулар жауды. Олардың қатарында журналист Майя Бекбаева, Сабина Алтынбекова, Фируза Шәріпова, актер Жандос Айбасов және тағы басқалар бар.

"Бауырым, сен үшін өте қуаныштымын!” “Отбасыңа бақыт. Жаңа кішкентай чемпиондарды күтемін!", "Құттықтаймыз", "Қандай әдемі жұп!", "Ура, чемпион!" – деген пікірлермен желі қолданушылары құттықтауларын жеткізді.