Қазақстандық спортшы Данил Васильев 2023 жылғы Универсиадада алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.
Данил Васильев 257,3 ұпаймен қалыпты трамплинде шаңғымен екі рет секіру бойынша үздік атанды. Ол австриялық Максимиллиан Линхер және Тимон Паскаль Кахоферді жеңді.
Үздік ондыққа екі қазақстандық Сергей Ткаченко мен Никита Девяткин кірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы Универсиададағы алғашқы алтын медальді эстафетада биатлоннан ерлер құрамасы Қазақстанға әкелген еді.