Универсиада: Қазақстан құрамасы тоғызыншы орында тұр

Қысқы универсиадада төртінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынға жайғасты деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Универсиада: Қазақстан құрамасы тоғызыншы орында тұр
фото: news-ru.arsu.kz

14 қаңтарда АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан додада биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиған еді.

15 қаңтарда отандастарымыз жүлдеге іліге алған жоқ.

Әзірге бір алтын жүлдемен Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде тоғызыншы орынды Эстониямен бөлісіп тұр.

Әзірше жүлдеге іліккен 15 құрама бар.

Көш басында Жапония 7 (4-2-1) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның 7 (2-1-4), Чехия мен Финляндияның 3 (1-1-1) медалі бар.

Қысқы универсиаданың төртінші ойын күнінен кейінгі медальдар кестесі:

1. Жапония 4-2-1

2. Франция 2-1-4

3. Чехия 1-1-1

3. Финляндия 1-1-1

5. Германия 1-0-2

6. Канада 1-0-1

6. Оңтүстік Корея 1-0-1

6. Швейцария 1-0-1

9. Қазақстан 1-0-0

9. Эстония 1-0-0

11. АҚШ 0-3-0

12. Норвегия 0-2-1

13. Польша 0-2-0

14. Испания 0-1-2

15. Италия 0-1-0

Универсиадаға еліміздің атынан 78 студент-спортшы қатысып жатыр.

Қысқы универсиада 22 қаңтар күні аяқталады.