Хоккейден Қазақстан құрамасы үшінші ойында жеңіске жетті деп хабарлады Paryz.kz.
Матчтың есебін Батырлан Мұратов ашып, британиялықтардан Сэмюэл Роджерс есепті теңестірді. Қазақстан алғашқы үзіліске дейін 5 шайба соғып, алға шықты. Гол авторлары – Батырлан Мұратов (дубль), Максим Мухаметов, Всеволод Логвин, Иван Гавриленко және Артем Королев.
Екінші кезеңде ұлттық құрама қарсылас қақпасына тағы жеті шайба енгізді. Гол авторлары – Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Батырлан Мұратов (хет-трик), Руслан Демин, Әли Қасенов, Кирилл Полохов және Гавриленко (дубль).
Үшінші бөлімде Полохов матчтағы екінші шайбасын соғып, есеп – 14:1 болды. Матч нүктесін Мұхаметов қойып, есеп 15:1-мен аяқталды.
Айта кетейік, ұлттық құрама 17 қаңтар күні Астана уақыты бойынша 03:30-да Словакия құрамасына қарсы ойнайды. Турнир кестесінде Ғалым Мамбеталиев шәкірттері үш ойыннан кейін 9 ұпаймен бірінші орында келеді.