13.01.2023, 09:38

Илья Ильин астаналық кәсіпкерге үйленді

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық белгілі ауыратлет Илья Ильин үйленді, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшының сүйіктісі астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко. Олар некесін 12 қаңтар астанада қиыпты. 

"Махаббат, шексіз бақыт пен ең мықты ер азаматқа "иә", - дедім деп жазыпты спортшынң жұбайы әлеуметтік желіде. 

Еске салайық, Ильин екінші рет үйленіп отыр. 2017 жылы ол гандболдан Қазақстан құрамасының мүшесі Наталья Кулаковамен ажырасты. Араларында Милана атты қыздары бар.