«Аль-Наср» футбол клубы Роналдуға қатысты мәлімдеме жасады

«Аль-Наср» клубы португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының 2030 жылғы футболдан ӘЧ-ні өткізу өтінішінің елшісі болады деген қауесетке қатысты жауап берді деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

«Аль-Наср» футбол клубы Роналдуға қатысты мәлімдеме жасады
фото: sportishka.com

«Аль-Наср» жаңалықтарда беріліп жатқан ақпаратқа қарамастан, Криштиану Роналдудың біздің клубпен келісімшарты әлем чемпионатына қатысты ешқандай жауапкершілік артпайтынын нақтылайды.

Клубтың жетістікке жетуіне көмектесу үшін футболшының бар назары «Аль-Наср» және командаластарымен жұмысқа бағытталған», – делінген клуб мәлімдемесінде.