Егер Роналду секілді әлемдік деңгейдегі ойыншыны матч бітуіне жарты сағат қалғанда немесе небәрі 15 минутқа шығарса, онда сөзсіз футболшының көңіл-күйі түсіп кетеді. Жүйкесіне әсер етеді. Маған жеткен ақпарат бойынша Криштиану Сауд Арабиясы чемпионатына ауысады - деп келтірді президентітң сөзін Goal.com.
Еске салайық, Роналду қараша айында "Манчестер Юнайтедтен" кетіп, еркін агент атанды. Ойыншының клубтан кетуіне бас бапкер Эрик тен Хагпен арасындағы қарым-қатынасы әсер еткен. Қазіргі таңда БАҚ өкілдері португалиялықтың Сауд Арабиясы чемпионатына ауысатыны жайлы жазуда.