Түркия президенті Роналдудың болашағына қатысты ойын айтты

Түркия президенті Реджеп Эрдоған португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға қатысты ойымен бөлісті, деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Түркия президенті Роналдудың болашағына қатысты ойын айтты
фото: Vesti.kz

Егер Роналду секілді әлемдік деңгейдегі ойыншыны матч бітуіне жарты сағат қалғанда немесе небәрі 15 минутқа шығарса, онда сөзсіз футболшының көңіл-күйі түсіп кетеді. Жүйкесіне әсер етеді. Маған жеткен ақпарат бойынша Криштиану Сауд Арабиясы чемпионатына ауысады - деп келтірді президентітң сөзін Goal.com.

Еске салайық, Роналду қараша айында "Манчестер Юнайтедтен" кетіп, еркін агент атанды. Ойыншының клубтан кетуіне бас бапкер Эрик тен Хагпен арасындағы қарым-қатынасы әсер еткен. Қазіргі таңда БАҚ өкілдері португалиялықтың Сауд Арабиясы чемпионатына ауысатыны жайлы жазуда.