20.12.2022, 11:50

Қазақстан әлем чемпионатында альпинизмнен 1-орын алды

Фото: t.me/almaty_akimat

Қазақстан 2022 жылғы әлем чемпионатында альпинизмнен 1-орын алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Халықаралық спорттық альпинизм федерациясы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Верный шыңына алғашқы болып өткен Қазақстан құрама командасы 1-орынды иеленді. Қазақстандық командаға альпинистер Роман Шестернин, Леонид Крупа, Закиржан Абдураимов және Станислав Лайнопуло енді.

Бүкіл маршруттың ұзындығы – 1 670 метр, биіктік айырмашылығы – 910 метр. Команда бағыт бойынша 6 түн болып, арнайы платформада түнеген.