Сарапшы Аргентина - Франция арасындағы финал жеңімпазын атады

Британдық белгілі журналист әрі тележүргізуші Пирс Морган Франция құрамасы әлем чемпионы атағын қорғап қалады деп ойлайды. Ол Қатардағы  әлем чемпионатында француздар Аргентина құрамасын ұтатынына сенімді, - деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшы Аргентина - Франция арасындағы финал жеңімпазын атады
Фото: ашық дереккөзден

«Франция қалай болса да, әлем чемпионатында жеңіске жетеді де, Мессидің жүрегін қарс айырады деп ойлаймын!», - деп береді Морганның сөзін talksport.com.

Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатындағы Франция мен Аргентина арасындағы финал 18 желтоқсанда өтеді. Ал бір күн бұрын Хорватия мен Марокко қола жүлдені сарапқа салады.