Жапон бапкері жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Футолдан Жапония ұлттық құрамасының бас бапкері Хадзимэ Мориясу жанкүйерлерінен кешірім сұрады деп хабарлады paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Жапон бапкері жанкүйерлерінен кешірім сұрады
Фото: ашық дереккөз

Кеше, 5 желтоқсанда 1/8 финал аясында Жапония мен Хорватия құрамалары кездесті. 43-минутта Дайзен Маэда, екінші таймда Иван Перишич дәл соққы жасап, матчтің негізгі уақыты1:1 есебімен аяқталды.

Матч соңына дейін командалар есепті өзгерте алмай, тіпті, экстра-таймдарда да жеңімпаз анықталмады. Пенальти нәтижесінде хорват футболшылары – 3:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.

Жапонияның ұлттық құрамасының бас бапкері Хадзимэ Мориясу стадионда көңіл күйі түскен жанкүйерлердің алдына барып, басын иіп кешірім сұраған.

Бапкер «үмітті ақтай алмадық, алда бұдан да жақсы ойнаймыз» деп уәде берді.