Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін алғаш суретін жариялады

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы командан шыққанан кейін әлеуметтік желіде алғашқы суретін жариялады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін алғаш суретін жариялады
фото: әлеуметтік желіден

Айдос суретін Instagram желісіндегі стористе жариялап.

Еске салайық, 6 қарашада қазақстандық боксшы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңілген болатын. Суперорта дивизиондағы жекпе-жекте WBA титулы сарапқа салынған еді. 12-раундтағы нокауттан кейін Айдосты шұғыл түрде Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізді. Оны "миына қан кету" диагнозымен жасанды түрде комаға түсіріп, операция жасаған еді.