«Астана» футбол клубының спорт директоры ауысты

Игорь Павлюк «Астана» футбол клубының спорт директоры қызметіне тағайындалды деп мәлімдейді Paryz.kz ақпараттық агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана» футбол клубының спорт директоры ауысты
фото: kazfootball.kz

Бұған дейін Игорь Владимирович «Астана» ФК негізгі құрама командасының аға әкімшісі және футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған.

Футбол саласындағы мансабын 1997 жылы шортандылық «Автомобилист» командасының кәсіби ойыншысы ретінде бастаған. 2005 жылға дейін «Химик» (Степногорск қаласы), «Астана», «Жеңіс», «Ақмола» (Степногорск қаласы), «Екібастұздық-БК», «Есіл» (Көкшетау қаласы), «Оқжетпес» командаларында өнер көрсеткен.

Айта кетсек, бұған дейін бұл қызметті Тастанбек Есентаев басқарған болатын.