01.12.2022, 12:56

"Қайта оралам": Екі жылға жуық шаршы алаңға шықпаған белгілі боксшы мәлімдеме жасады

фото: zakon.kz

Белгілі боксшы Садриддин Ахмедов ұзақ үзілістен кейін қашан шаршы алаңға оралатынын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. "24 желтоқсан Алматы қаласындағы бокс кешінің басты айқасының бірінде рингке қайта оралам. Менің жекпе-жектерімді әркез сағынатын Қазақ еліне рақмет! Sadriddin “S.O.Q” Ahmedov сіздерге шоу сыйлауға сақадай сай! Бокс кешінде жүздескенше", - деді кәсіпқой боксшы.