Әлемнің экс-чемпионы мексикалық Мойзес Фуэнтес 37 жасында өмірден озды. Бұл қайғылы жаңалықты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман әлеуметтік желіде хабарлады, – деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мойзес Фуэнтес өмірден өтті. Ол соңғы демі қалғанша айқасатын нағыз батыр еді. Оның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтамыз", – деп жазды Сулейман твиттер парақшасында.
Фуэнтес жеңіл салмақта 25 жекпе-жек өткізіп, оның 14-ін нокаутпен аяқтаған еді. 2011 жылы отандасы Рауль Гарсияны жеңіп WBO белбеуін иеленді.
2021 жылдың қазан айында Фуэнтес тағы бір отандасы Давид Куэльярамен айқасып, 6 раундта нокаутқа түсті. Нәтижесінде комаға түсіп сол күйі есін жимады.