Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Катар стадиондарында сыра сатуға тыйым салынды

Халықаралық футбол федерациясы Катардағы әлем чемпионаты кезінде сыра сатылуға тыйым салынатын ресми түрде хабарлады, деп жазады халықаралық ұйымның ресми сайты. 

Катар стадиондарында сыра сатуға тыйым салынды
Фото: pexels.com

"Қабылдаушы тарап пен FIFA арасындағы келіссөздерден соң Қатардағы Әлем Чемпионаты стадиондарының аумағынан сыра сату нүктелерін алып тастап, алкогольді сусындарды жанкүйерлердің басқа демалыс орындары мен лицензияланған мекемелерде шоғырландыру туралы шешім қабылданды. Бұл Bud Zero (алкогольсіз сусын) сатылымына ықпал етпейді, ол Қатардағы барлық стадиондарында қолжетімді болмақ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтеді. Катарда жазда аптап ыстық болатындықтан, бұл жолғы әлем біріншілігі қарашаның соңы мен желтоқсанның ортасына белгіленген. Осылайша ол мамырда, маусымда немесе шілдеде өтпейтін алғашқы турнир.