Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Айдос Ербосынұлының қазіргі жағдайы белгілі болды

6 қараша күні кәсіби бокстан WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақта сынға түсіп, нокаутпен жеңілген Айдос Ербосынұлының жағдайы жақсарды. Бұл туралы Suleimen промоутерлік орталығы мәлімдеді, деп жазады paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Айдос Ербосынұлының қазіргі жағдайы белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

"Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Отандасымыз әлі де болса дәрігерлердің бақылауында болмақ. Батырымызға қолдау білдірейік", -делінген промоутерлік орталықтың ресми Instagram парақшасында.

Айта кетелік, Айдос Ербосынұлы жекпе-жектен соң жасанды комамен жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. Боксшының жағдайына бүкіл әлем жанкүйерлері алаңдап, WBO арнайы мәлімдеме жасаған болатын.

Геннадий Головкин, Сауль Альварес және Жәнібек Әлімханұлы бастаған боксшылар Айдостың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.