Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында ерлер арасында қазақстандықтардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі.
Тоғыз қазақстандық боксшының бесеуі соңғы бәсекеде өзбекстандықтармен алтын жүлде үшін таласады.
48 кг. Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) — Аратаке Кадзума (Жапония).
51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан).
54 кг. Махмуд Сабырхан (Қазақстан) — Карло Паалам (Филиппины).
57 кг. Серік Теміржанов (Қазақстан) — Абдумалик Халоков (Өзбекстан).
67 кг. Дулат Бекбауов (Қазақстан) — Бунджонг Синсири (Таиланд).
71 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Зеяд Ишайш (Иордания).
75 кг. Нұрқанат Райыс (Қазақстан) — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан).
92 кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан).
+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).
Қай елдің медаль жөнінен көш бастайтыны негізінен Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының өзара сайысының нәтижесіне байланысты болмақ. Өйткені финалға Қазақстаннан тоғыз, Өзбекстаннан жеті боксшы шықты. Шаршы алаң иелері – Иорданиядан 4, Таиландтан – 2, Үндістан, Жапония, Филиппин мен Моңғолиядан бір-бірден спортшы өз елдерінің намысын қорғайды.
Әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер 11 қарашада, ерлерден келесі күні өтеді.