Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Жеңіліп қалуы мүмкін»: Сарапшы Жәнібек Әлімханұлын қауіп күтіп тұрғанын айтты

Британиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 КО) Жәнібек Әлімханұлын (12-0, 8 КО) жеңіп, орта салмақта WBO белбеуін тартып алуы мүмкін. 

«Жеңіліп қалуы мүмкін»: Сарапшы Жәнібек Әлімханұлын қауіп күтіп тұрғанын айтты
Фото: kfb.kz

Boxingscene.com шолушысы Элиот Фостер Vesti.kz сайтына берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz.

Боксшылар 12 қараша Лас-Вегастағы Palms Casino Resort кешенінде жұдырықтасады.

«Бұл Бентлидің карьерасындағы ең үлкен айқас болады. Оны сұмдық форма жинап алған Жәнібек Әлімханұлымен айқас күтіп тұр. Ол алдына келгеннің бәрін еш мүмкіндік бермей жапырып келеді және алдағы айқас фавориті есептеледі. Алайда осы күнге дейін талай апсетке куә болдық. Кейде Әлімханұлы өзіне тым сеніп кетеді. Бұл әрине жақсы, бірақ даңғойлыққа салынып кетуге болмайды. Бентлиге тиісінше бағасын бермесе, Жәнібек жеңіліп қалуы да мүмкін. Бентли нокаутқа түсіре алатынын бірнеше рет дәлелдеген. Фаворит белгілі, бірақ кім жеңетіні әлі белгісіз жекпе-жек тамашалайтын боламыз», – дейді ол.