Қазақстандықтар Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирден көре ала ма?

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8КО) британиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14КО) қарсы жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирден көре алады, деп хабарлайды paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстандықтар Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирден көре ала ма?
Фото: ашық дереккөз

Әлімханұлы – Бентли айқасы жексенбі, 13 қараша күні таңертең өтеді. Тікелей көрсетілім «Хабар» арнасында астана уақытымен сағат 08.00-де басталады», - делінген Instagram-дағы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында.


Еске салайық, «Qazaq Style» лақап атымен танымал Жәнібек Әлімханұлы биылғы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанған еді.