«Таңғы 7-де оятамыз!»: Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) командасы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды paryz.kz ақпараттық агенттігі.

«Таңғы 7-де оятамыз!»: Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады
Фото: sport.kz

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі туралы ақпарат айтылды. 

"Қадірменді жанкүйерлер! Жекпе-жек уақыты мен қарсылас ресми түрде келесі аптаның басында жарияланады! Дайындық қызып жатыр. Біз енді бастадық. Құдай қаласа алдағы 10 жылдықта барлығыңызды жексенбі күні таңғы 7-де оятамыз! Нәсіп болса елде де бірнеше бокс кешін ұйымдастырып, өнер көрсетеміз! Біз жанкүйермен мықтымыз! Тарихи күндерде жолығайық!" - деп жазылған Жәнібектің командасының Instagram-парақшасында.