Жәнібек Әлімханұлының нокауты үздіктер қатарына кірді

Никарагуалық бокс шолушысы Леви Луна жылдың үздік нокауттары тізімін жариялады, - деп хабарлайды paryz.kz  ақпараттық  агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлының нокауты үздіктер қатарына кірді
Фото: stan.kz

Оның ішінде Жәнібек Әлімханұлы да бар. Ол британдық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі мамырда өтті. Әлімханұлы екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірген еді.

Сол кезде осы жеңісінің арқасында ол орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша "уақытша" чемпион белбеуіне ие болды.