Жәнібек Әлімханұлы 14 нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізеді

Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) WBO чемпионы атанғаннан кейін алғашқы қарсылас белгіленді деп хабарлады paryz.kz ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы 14 нокауты бар боксшымен жекпе-жек өткізеді
фото: prosport

Ол британиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) кездеседі.

«Жеңілмеген қазақстандық боксшы мен англиялық Дензел Бентли ESPN+ кешінің басты айқасында 12 раундтық жекпе-жек өткізу туралы келісімге келгені белгілі болды. Лас-Вегастағы бұл бокс кеші 12 қарашада өтеді. Бентли 160 фунтта WBO тұжырымынша чемпиондыққа үміткерлер арасында 14-орында тұр, бірақ Әлімханұлы міндетті қорғау өткізбесе де болады» деп жазды шетелдік басылым.